Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников науки

Құрметті ғалымдар мен зерттеушілер! Ардақты сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ғылым қызметкерлерінің күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Ғылым – адамзат өркениетінің алтын діңгегі, ал ғалым – сол өркениеттің шырағын жағып, ақиқат жолын нұрландырушы тұлға.
Қаныш Сәтбаевтай ғұламаларымыз салып кеткен сара жол бүгінде еліміздің зияткерлік әлеуетін арттырып, ұлттық мақтанышымызға айналып отыр.
Сіздердің тынымсыз ізденістеріңіз бен терең білімдеріңіз мемлекетіміздің ілгерілеуіне және бәсекеге қабілеттілігіне тікелей ықпал етеді.
Осы айтулы мерекеде саланың дамуына өмірлік тәжірибесі мен қажыр-қайратын арнаған ардагерлерімізге шексіз алғыс білдіремін.
Сіздерге сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Әрбір бастаған зерттеулеріңіз жемісті болсын. Еңбектеріңіз елене берсін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин