Қымбатты отандастар!
Баршаңызды шуақты көктем мерекесі – 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – еліміздегі татулық пен ынтымақтың, достық пен өзара құрметтің айшықты белгісі.
Біздің басты байлығымыз – бір шаңырақ астында біріккен сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың ауызбіршілігі. Осы бірлік пен тұрақтылық мемлекетіміздің дамуы мен өсіп-өркендеуінің берік негізі болып табылады.
Кәсіподақтар федерациясы үшін бұл күннің маңызы ерекше. Біз әрқашан «Бірлік бар жерде — тірлік бар» деген қағиданы ұстана отырып, еңбек адамының құқығын қорғауды және қоғамдағы әлеуметтік әділдікті нығайтуды басты мақсат етеміз. Ынтымағы жарасқан ұжымдарда өнімді еңбек пен береке болады. Біз әрбір жұмысшының қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайы үшін аянбай еңбек етіп келеміз.
Осы айтулы мерекеде еліміздің гүлденуіне үлес қосып жүрген барша еңбеккерлерге, сала ардагерлеріне алғысымыз шексіз. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен бірлікке деген адалдықтарыңыз – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Сіздерге мықты денсаулық, әр шаңыраққа бақ-береке және таусылмас қуаныш тілеймін!
Еліміз тыныш, бірлігіміз бекем, еңбегіміз жемісті болсын.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин
