Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем Победы

Құрметті әріптестер! Қадірлі достар!
9 мамыр — біз үшін күнтізбедегі кезекті мереке ғана емес, бұл — үлкен тағзым мен шынайы сағыныш ұштасқан қасиетті күн. Бүгін біз бейбіт күннің бағасын ұғынып, ата-бабаларымыздың теңдессіз ерлігіне басымызды иеміз.
Бұл жеңіс саптағы жауынгердің қаруымен ғана емес, тылдағы жұмысшының қолымен, аналарымыздың төзімімен келді.
Біз үшін сол сұрапыл жылдары зауыт пен фабрикада, егін даласында күндіз-түні еңбек еткен тыл ардагерлерінің қаһармандығы — нағыз адал еңбектің белгісі.
Ұлы Отан соғысы майданына миллионнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы Жеңіс жолында қаза тапты. Арамызда жүрген Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл ардагерлеріне мың тағзым!
Ата-бабаларымыздың даңқты ерлігі мен Отанға деген шынайы сүйіспеншілігі бүгінгі жас ұрпақтың санасында берік сақтаулы.
Осынау айтулы күні Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Еліміздің аспаны ашық, іргеміз бүтін болғай.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С.Дәулеталин