Құрметті байланыс қызметкерлері, қадірлі сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс қызметкерлері күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Байланысшы — уақыт пен қашықтықты бағындырып, алысты жақындататын, ел мен елді жалғайтын қадірлі мамандық иесі. Тәулік бойы тыным көрмейтін еңбектеріңіздің арқасында еліміздің ақпараттық тынысы тоқтаусыз соғып тұр.
Осы салада талай жыл тер төккен ардагерлерімізге алғысымыз шексіз. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз бүгінгі буын үшін үлкен үлгі.
Ал Кәсіподақтар федерациясы әрбір байланысшының еңбек абыройын асқақтатуды, құқығын қорғауды және қолайлы жағдай жасауды өзінің басты міндеті деп санайды.
Осынау мерекелі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмай, жұмыстарыңыз әрдайым жемісті болсын.
Әрбір байланыс желісі тек жақсы хабарлар мен қуанышты сәттерді жеткізсін.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин
