Бүгінде қазақстандық қоғам Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Бес әлеуметтік бастама», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық құжаттарында мықты қуат берген рухани және ұлттық сананың жаңғыруын бастан өткеруде.
Кәсіподақтар федерациясы жаңа Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысуда және халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамда жаңғыртылған құндылықтарды қалыптастыру және еңбек ету сапасын арттыру жұмыстарының басында тұр.
Ағымдағы жылғы 3 қазанда өткен Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезі ой-пікірлердің ынтымақтастығын және еңбеккерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғауда кәсіподақ мүшелерінің бағыт-бағдарының беріктігін айқын көрсетті.
Елбасы өзінің съезге қатысушыларға құттықтау хатында заманауи кәсіподақтардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Қазақстан кәсіподақтары жұмыс берушілермен бірлесіп, өздеріне еңбек саласын жаңғырту жөнінде жауапкершілікті ала отырып, қазақстандықтардың Төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа жағдайларына әлеуметтік бейімделуімен айналысатын қозғаушы күш болуы тиіс» – деп көрсетілген Президенттің құттықтау хатында.
Кәсіподақтарды жаңғырту бағыттары мен жаңа өзгерістер бірінші кезекте жұмысшыларға лайықты еңбек пен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл – Кәсіподақтар федерациясы қызметінің басты мәні мен мақсаты, және осы қағидалардан ешқашан бас тартпаймыз. Еңбек адамы біздің басты назарымызда болады.
Біздің күшіміз – әлеуметтік әріптестіктің нақты жүйесі арқылы билікпен және бизнеспен ынтымақтастық және келісілген жұмыс. Біз қоғамның әл-ауқатына және еліміздің тұрақты экономикалық дамуына бірлесіп
жауаптымыз. Сондықтан да біздің басты ұранымыз «Тұрақты кәсіпорын – Тұрақты қоғам – Тұрақты ел!» қағидасы болып табылады.
Қазақстандағы еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ең ірі қоғамдық ұйым ретінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы азаматтық қоғамның барлық жасампаз күштерін бірлікке және ынтымақтастыққа, Елбасының бағдарламалық құжаттарында көрсетілген маңызды әлеуметтік міндеттерді орындау үшін бірігуге, еңбеккерлерді экономикалық және әлеуметтік қорғау үшін күш біріктіруге және адам капиталының индексін жан-жақты дамытуға шақырады.
Адам капиталын дамытусыз және лайықты еңбекті қамтамасыз етусіз бірде-бір ел тұрақты дамуға және экономикалық өсімге ие болмайды.
Лайықты еңбек – бұл адамның тәуелсіздігі, тепе-теңдігі және қадір-қасиеті шарттарында маңызды және лайықты еңбек ету мүмкіндігі, бұл қауіпсіз шарттарда жұмыс істеу, бұл жұмысшы мен оның жанұясының мүшелері үшін лайықты өмірді қамтамасыз ету мүмкіндігі және толыққанды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.
Дамыған әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік диалог, еңбеккерлердің өз еңбек және әлеуметтік құқықтары туралы білу деңгейін арттыру адам капиталының жан-жақты дамуына және елімізде лайықты еңбекті қолдауға жәрдемдеседі.
Осындай маңызды істе әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарының бірлескен күші, әрқайсысының атқаратын рөлі маңызды және құнды.