ХКК Дүниежүзілік Конгресінің үшінші күні мазмұнды күн тәртібімен және диалог секцияларымен ғана қызықты болмады. Конгресс алаңында күрделі үгіттеу жұмыстары орын алды. ХКК Бас хатшысы лауазымына үміткерлердің еріктілері таңертеңнен бастап қолдаушыларды тарту мақсатында парақшалар, белгілер, жапсырмалар таратып, музыкалық қолдаумен өз ұрандарын үздіксіз айтумен болды. Аталмыш жиын өзінің ерекшелігімен еріксіз назарға ие болады. Еске сала кетейік, сайлау ертең 2018 жылғы 5 желтоқсанда өтеді. Делегаттар ең беделді халықаралық кәсіподақ ұйымының алдағы 4 жылға Бас хатшысын сайлайды!
Бас хатшы лауазымына екі үміткер ұсынылды. Олар – қазіргі Бас хатшы автралиялық Шаррон Барроу және Жалпыға ортақ Итальяндық еңбек конфедерациясының басшысы Суссана Комуссо ханым.
Дүниежүзілік Конгресте халықаралық кәсіподақтар қозғалысының мүшелері бразильялық тұтқын Луи́с Ина́сиу Лу́ла да Си́лваны қолдау мақсатында «Лулеге еркіндік!» акциясымен сөз сөйлеуде. 2017 жылдан бері Бразилияның экс-Президенті, ал өткеннен бері Кәсіподақ көшбасшысы тұтқында болатын. Кәсіподақ қозғалысына қатысқан кезден бері тегінен емес, Луис есімінің қысқартылған формасы «Лула» лақап атымен танымал. Кейін ол осы есіммен сайлауларға қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін есімін ресми рәсімдеді.
ХКК Дүниежүзілік Конгресі өтіп жатқан Копенгагеннің ең ірі іскерлік орталықтарының бірі Bella centreде емін-еркін, ашық-жарқын ахуал қалыптасқан. Ұйымдастырушылар делегаттардың бейресми қарым-қатынасы үшін барлық шарттарды жасаған. Барлық жерде ақпараттық стендтер, тематикалық бұрыштар, автоматты фотоорнатылымдар, «кедейшілікке жол жоқ», «гендерлік тепе-теңдік», «лайықты еңбек және экономикалық өсім» сынды қазіргі заманның негізгі қағидалары бойынша көрсетілімдер қойылған. Қазақстан делегаттары Конгрестің пленарлық және секциялық отырыстарына белсенді қатысуда, кеңес берулер, келіссөздер өткізуде, шетелдік әріптестермен достық қарым-қатынасты нығайтуда.