13 тамыз – жексенбі күні құрылысшылар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Құрылыс индустриясының өкілдері – құрылысшылар, архитекторлар, жобалаушылар, құрылыс материалдары өнеркәсібінің қызметкерлері, сала майталмандары мен олардың қазіргі кадр құрамы – барлығы, қалай болғанда да, Қазақстанның заманауи астанасының дамуына атсалысып келеді.
Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалына қатысты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Құрылысшы күніне орай біршама іс-шаралар ұйымдастырылды: салтанатты жиналыстар, спорттық жарыстар, тим-билдинг.
«Астана бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС кәсіпорын мен салалық кәсіподақтың қалалық филиалы басшыларының қатысуымен Құрылысшы күніне арналған жиын өткізді. Жиынға қатысушылар сөйлеген сөздерінде ұжымның қол жеткізген табыстары, болашаққа деген жоспарларына тоқтады.
Құрылыс саласындағы көпжылдық және адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ведомствалық марапаты – «Еңбек ардагері» медальімен бас жоспар шеберханасының қала құрылысы, экономика бөлімінің бас маманы, жақында мерейтойын атап өткен Людмила Николаевна Борзых марапатталды.
Сондай-ақ, «Астана бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС қызметкерлері салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталды.