Сыбайлас жемқорлықсыз еңбек

Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде серіктестік туралы Ашық келісімді жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар Жоспары аясында семинар-жиналыс болды.

Аталмыш шараны облыс бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаменті мен ОҚО аймақтық кәсіподақтар бірлестігі бірлесе жүргізді.

ОҚО кәсіподақ орталығының төраға орынбасары А.Даткаев қатысушыларды Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына негізделген қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасымен таныстырды.

Шара аясында Департаменттің бас маманы Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Елбасы Жолдауындағы негізгі бағыттардың бірі екендігін атап өтті. Сонымен қатар, семинар қатысушыларына еңбек ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жұмыс беруші мен қызметкер арасында ұжымдық этиканы жасау  маңыздылығын түсіндірді.

Және де салалық кәсіподақтар төрағаларымен сұхбат барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жолдары мен 2015-2025 жылдарға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру механизмдері қарастырылды.