Қызылордада үгіт-насихат жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бұл жолы Қызылордалық белсенділер демалыс күндері халық көп жиналатын ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарына келушілерге үгіт-насихат материалдарын таратты.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховты қолдаушы Қызылорда облысы кәсіподақтарының белсенді жастары 9 маусымда өтетін Президент сайлауында белсенділік танытуға, кәсіподақтардан үміткер Аманкелді Таспиховқа дауыс беруге шақырды.
\