Қазалы ауданының елді мекендерінде үгіт-насихат материалдарын орналастыру және тарату жұмыстары әлі де жалғасуда.
Шалғайда орналасқан ауылдарда кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері, кәсіподақ белсенділерінің тарапынан үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кәсіподақтар ұсынған кандидат Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасында көтерілген еңбек адамы мәселелері ауыл тұрғындары көңілдерінен шығып, қолдау табуда.
Кандидат А.Таспиховтың үгіт-насихат баспа материалдары қазірде Қызылорда облысының барлық аудандарына жеткізіліп, таратылуда.