А.Таспиховтың сенімді өкілдерінің Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде орналасқан №210 орта мектеп ұжымымен кездесу өткізілді.
ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі Серік Мырзаханов мектеп ұжымына кәсіподақтардан ұсынылған кандидаттың өмірбаянын таныстырып, сайлауалды тұғырнамасында көтерілген еңбек мәселелері бойынша түсіндірме жасады. Бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбек ақысын көтеру, сапалы білім алу туралы тұғырнамадағы кандидат ұсыныстары бойынша мектеп ұжымы оң пікірлерін білдірді. Кездесуде үгіт-насихат материалдарымен 20-дан астам адам қамтылды.