Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдері Қызылорда қаласындағы Назарбаев мектебінде өткен Ашық есік күніне қатысты.
Ашық есік күнінде 8 сыныпта «Кім боламын?» тақырыбында оқу сағаты өтіп, мамандықтар туралы оқушылармен ақпараттық жұмыс жүргізілді.
Оқушылар топтық жұмыстарда қызықты, жоғары бағаланатын мамандықтар туралы білімдері мен ойларын ортаға салды.
Кәсіподақтар тарапынан қазіргі таңдағы қажетті мамандықтар, еңбек нарығының сұранысы туралы ақпараттар берілді.
Жалпы, айта кету керек, облыстық аумақтық кәсіподақтар берлестігі тарапынан мектеп оқушылары арасында мамандықты дұрыс таңдауға ықпалдасу, қажетті мамандықтарды алуға бағыттау, еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыру бағытында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын тұрақты жумыс жасауда