«Сарыарқа» қонақ үйі – Кәсіподақтар федерациясының ТЖ кезеңінде мемлекет қажеттілігіне берген бесінші нысаны

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Павлодар облысының карантинге жабылуына байланысты әрі инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында, «Сарыарқа» кәсіподақ қонақүйіне уақытша стационардың 50 медициналық қызметкері мен бақылау-өткізу бекеттерінде тұрған 130 полиция қызметкерін орналастыруға шешім қабылдады.

Олардың арасында провизорлық стационарда оқшауланған және коронавирусты жұқтырғандармен байланыста болған азаматтарды бақылап отырған дәрігерлер мен медбикелер сонымен қатар, бақылау-өткізу бекеттерінде күзетте тұрған полиция қызметкерлері бар.

Бүгінгі мәлімет бойынша, қонақ үйде провизорлық стационардың яғни №3 Павлодар қалалық ауруханасының 40 медицина қызметкері мен Павлодар қаласының ІІБ-нің 9 бақылау-өткізу бекеттеріндегі 65 полиция қызметкері тұрып жатыр.

Осы аптаның соңына дейін «Сарыарқа» қонақ үйінде орналастырылған медицина қызметкерлерінің саны 50-ге, полиция қызметкерлерінің саны 130-ға дейін көбейеді.

Қонақ үйде тұрып жатқан барлық медицина қызметкерлері қауіпті топқа кіретін яғни коронавирусты жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған адамдар үшін жасақталған провизорлық ауруханада жұмыс істейді.

Қатаң шектеу шараларына байланысты медицина және полиция қызметкерлері карантин кезеңінде отбасыларын көре алмайды. Мұндай шектеу шаралары инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қабылданған.

Қазір кәсіподақ қонақүйінің қызметкерлері инфекциямен күрестің алғы шебінде жүргендерге қажетті жағдайды жасау үшін барлық күш-жігерін салуда. Атап айтқанда, «Павлодартурист» АҚ қызметкерлерінің күшімен оларға күніне үш рет ыстық тамақ беріледі, бөлмелер мен жалпы қолданыстағы жерлер күн сайын тазаланып, залалсыздандырылып отыр.

Сондай-ақ, қонақ үйдің көше жақ бетіндегі түнде жанып тұратын сыртқы жарнама # YйдеБолыңыз, #ОставайтесьДома әлемдік акциясының ұранына үн қосып, қызылжарлықтарды карантин кезеңінде үйде отыруға шақыруда. Мұндағы мақсат коронавирусты тоқтату және оның таралуын болдырмау.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы жарлығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілгені белгілі.

Кәсіподақтар федерациясы содан бері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған #BIZBIRGEMIZ республикалық акциясына қолдау көрсетіп, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске өз үлесін қосуда. Атап айтқанда, федерация карантин үшін мемлекетке Алматыдағы «Көктем» шипажайын , Қызылорда облысындағы «Жаңақорған» шипажайын, Нұр-Сұлтан мен Өскемен қалаларындағы «Турис» қонақ үйлерін берген болатын. Бұл нысандарда бүгінгі күнге дейін ұзын-ырғасы 1000-ға жуық отандасымыз карантинге қабылданды.
#BIZBIRGEMIZ