Адам еңбегімен керемет

Қарағанды қаласында COVID-19 коронавирусын жұқтырған науқастарды емдеу үшін жұқпалы аурулар ауруханасы ұйымдастырылды және жетекшісі Ержан Жүнісов болып тағайындалды.

Ержан Жүнісов – PhD докторы, «Қарағанды медициналық университеті» ҰАО жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры. 2004 жылдан бастап клиникалық, педагогикалық және ғылыми қызметті сәтті үйлестіріп келеді.

Мінез-құлқы жағынан тыныш, өте еңбекқор және өз ісінің жауапты маманы Ержан Жүнісов алғашқы күннен бастап инфекциялық орталықты пациенттерді қатаң оқшаулау жағдайында жұмысқа ауыстыру процесіне кірісті. Медициналық қызметкерлерді жаңа күрделі карантиндік ортада дұрыс әрекет етуге белсенді түрде үйретеді.

COVID-19 жағдайының күрделілігін және оның халыққа тигізетін зардаптарын, сондай-ақ адамдарды жұқпалы инфекциядан құтқару үшін оған жүктелген міндеттерді түсініп, ол аптасына жеті күн, әріптестері мен пациенттерімен тәулік бойы жұмыс істейді. Әріптестері, кәсіподақ ұйымы, денсаулық сақтау басқармасы және оқу орны басшылығы оның кәсіпқойлығын, іскерлігі мен ұйымдастырушылық шеберлігін жоғары бағалайды.

Ержан Жүнісов – қарапайым адам, дарынды ғалым және педагог, өз бойына мейірімділік пен қайырымдылық, өз оқушыларына білім беру және емделушілерге қолынан көмек көрсетуге талпыну сияқты тек қана оң қасиеттерді дарытқан

Біздің қымбатты дәрігер – бұл қарапайым және түсінікті сөздер маңдайына дәрігер болу жазған Жунусов Ержан Сейполович туралы! Ержан Жүнісов өзінің ерен еңбегінің арқасында студенттерге және жас мамандарға үлгі болып, жоғары дәрежеге ие болды. Сіздің адал жұмысыңыз үшін алғыс айтамыз!