Ақтөбе облысында “QAMQOR QAZAQSTAN” əлеуметтік жобасы жалғасуда.
Жоба ҚР Кəсіподақтар федерациясының “KEA”(Kazakstan En’bek Аdamy) корпоративтік қорының ұйымдастыруымен және “Келешек”жастар кеңесімен жүзеге асырылуда. Жобаның Бас демеушісі – “Транстелеком” Акционерлік қоғамы – еліміздегі ең ірі байланыс операторларының бірі.
Ақтөбе облысы Кəсіподақтар Орталығы жанындағы “Келешек” еріктілерімен бірге 10 отбасыға азық-түлік пакеттері табысталды. Ақтөбе тұрғындары бұл шараға ризашылығын білдірді.