Облыстық салалық, бастауыш, жергілікті кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен СҚО кәсіподақтар орталығының Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Осі іс-шараға бейнеконференция байланыс режимінде аудандық білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметкерлер кәсіподақтары комитеттерінің төрағалары және т.б. қатысты.
СҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев қатысушыларды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезіне дайындық және оны өткізу барысы туралы хабардар етті. Елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚРКФ Бас кеңесі ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте съезд, сондай-ақ алқалы органдардың отырыстарын бейне конференциясы байланыс арқылы өткізу туралы шешім қабылдады.
Кәсіподақтардың ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының алдағы сайлауында “Nur Otan” партиясының праймериздеріне қатысуы туралы мәселені қарастыра отырып, кәсіподақ орталығының бастауыш партия ұйымының төрағасы Виктория Резинкина праймериздердің өткізілуі, оның кезеңдері, мерзімдері және кәсіподақтардан кандидаттар тізімін қалыптастыру туралы айтып берді. ҚР Кәсіподақтар федерациясының мәлімдемесінде айтылғандай, Ооблыстың кәсіподақ көшбасшыларын кандидат ретінде де, дауыс беру процесінде де праймериздерге қатысуға бағыттады.
СҚО кәсіподақтар орталығының заң мәселелері және медиация жөніндегі бас маманы Людмила Голенкова қатысушыларды ҚР Кәсіподақтар федерациясының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар дайындау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы хабардар етті.
Кәсіподақтардың Сovid-19 пандемиясы кезеңінде кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету және көмек көрсету жөніндегі іс-шаралары туралы СҚО кәсіподақтар орталығының еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Жангелді Тұралинов сөз сөйледі, ол облыс кәсіподақтарының пандемия кезеңінде медицина қызметкерлерін, кәсіподақ мүшелерін, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға қосқан зор үлесін атап өтті.
Үйлестіру кеңесінде сондай-ақ кәсіподақтардың “Парыз-2020” және “Еңбек жолы” республикалық конкурстарына қатысу мәселелері қаралып, “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы” ҚБ төрағасы Берік Аюповтың жаңа оқу жылына дайындық туралы ақпараты тыңдалды.