Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен “Nur Otan” партиясы ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алу және оларды шешу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен “Nur Otan” партиясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау шеңберінде 2021 жылдың сәуір-мамыр айларында “Nur Otan” партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында калалық филиалдын бірінші орынбасары А. Қ. Маликова мен Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы, сот жүйесінің ардагері, медиатор М. А. Иванованың қатысуымен азаматтарды бірлескен қабылдау ұйымдастырылды.
Павлодар қаласының тұрғынына бірлескен қабылдау нәтижелері бойынша жұмысқа қайта алу туралы сот актілері бойынша құқықтық кеңес беру ұйымдастырылды және құқықтық көмек көрсетілді, ол қабылдауда алынған құқықтық көмектің нәтижесі бойынша кассациялық шағым берді.
Екінші өтініш бойынша Павлодар қаласының тұрғыны кредиттік шартқа сәйкес Банктің ай сайынғы комиссияны есептеуінің заңдылығы мәселесі бойынша кеңес алды, оған туындаған банктік дауды сотқа дейінгі тәртіпте сотқа талап қоймастан шешу мақсатында даулы мәселе бойынша медиация рәсімін жүргізу мүмкіндігі туралы түсіндірілді.
“Nur Otan” партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде “Nur Otan” партиясы қалалық филиалы мен Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің “Татуласу орталығы” өкілдерінің қатысуымен азаматтарды бірлескен қабылдау ай сайынғы тұрақты негізде жалғастырылды.