Ақтөбе облыстық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы барысында өңір экономикасы үшін маңызды жобалар талқыланды. Солардың ішінде Жұмыспен қамту жол картасы аясындағы жобаларға бөлінетін қаражат жайы талқыланды.
Нақты айтсақ, Ақтөбенің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, Шилісайға 600 орындық және Шалқар ауданының Қарашоқат станциясында 120 орындық мектеп құрылысын аяқтауға қаржы бөлу ұсынылды. Сондай-ақ, ауылішілік жолдарды жөндеу, білім беру, денсаулық сақтау нысандарын салу, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар, бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру т.б. мәселелер жан-жақты қаралды.
«Ең бастысы – ауыл тұрғындарына қолдау жасау керекпіз», – деп атап өтті жиынға қатысқан кәсіподақ жетекшісі.