Поздравление Председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан с Днем труда

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!

Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Еңбек еткен – мұратқа жеткен» деген тамаша бір сөз бар. Бұл мерейлі мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі.
Әлемде орын алып жатқан өзгерістердің барлығы адамның еңбегімен жасалатыны анық. Мемлекеттің өсіп-өркендеуі мен жемісті дамуының негізгі тетігі – Еңбек адамының ерен еңбегі екендігі сөзсіз.
Бүгінде еңбеккерлерді әлеуметтік қорғаудың деңгейі көтеріліп, еңбек қатынастары туралы ұлттық заңдарымыз жетілдірілуде, кәсіподақтардың орны нығая түсуде.
Еліміздің даму жолында күш-жігерін жұмсап, кәсіподақтар қозғалысының мәртебесін арттыру жолында елеулі еңбек етіп жүрген барша кәсіподақ мүшелеріне айрықша алғыс айтамын.
Сіздерге жəне отбасыларыңызға зор денсаулық, толағай табыс пен еңбек жолдарыңызда сәттілік тілеймін!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталин