Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников сельского хозяйства

Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері!

Қадірлі достар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің экономикасының негізгі әрі стратегиялық маңызды салаларының бірі болып табылатын агроөнеркәсіп кешені жылдан-жылға жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Ауыл шаруашылығы саласының халқымыздың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсаруына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алар орны айрықша екені сөзсіз.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз әрқашан ерекше құрметке ие. Сіздер  Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығында жетекші орынға ие болуы және миллиондаған азаматтарымыздың сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етілуі үшін еселі еңбек етіп жүрсіздер.

Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді.

Осындай айтулы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік және еліміздің игілігі жолында жаңа табыстарға жете берулеріңізді тiлеймiн!

 

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы

Сатыбалды Дәулеталин