Италияда Халықаралық еңбек ұйымының Турин оқу орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіподақтардың қызметін жандандыру мақсатында ақпараттық-насихаттау жұмыстары» тақырыбында оқыту курсы өтуде.
10 ел мен 5 халықаралық ұйымның қатысушылары кәсіподақ қозғалысын насихаттау, коммуникация мәселелерін талқылап, пікір алмасу және тәжірибе алмасу үшін жиналды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚРКФ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Тахмина Құбашева қатысуда.
28 наурызда Турин оқу орталығында Инновациялық зертхананың ресми ашылуы өтеді, онда Кәсіподақтарды нығайту жөніндегі нұсқаулық таныстырылды. «Еңбек қозғалысын белсендірудің тиімді құралдарының бірі – ақпараттық-насихаттау жұмыстары», – деп есептейді қатысушылар. ХЕҰ-ның Еңбеккерлер қызметі жөніндегі бюросы (ACTRAV) еңбеккерлер ұйымдарын жандандыру қызметінде қолдау көрсетуге арналған нұсқаулық шығарды.
Құжат 2018 жылы іске қосылған ACTRAV-тың «Нәтижеге қол жеткізу үшін коммуникация: Еңбеккерлер ұйымдарын нығайтуға арналған нұсқаулық» нұсқаулығының жалғасы болып табылады. Нұсқаулық кәсіподақтық коммуникацияға қатысты нақты тақырыптарға арналған басылымдар сериясының біріншісі болып табылады. Құжатты кәсіподақтар тарапынан қойылған сұранысқа жауап ретінде қарастыруға болады және ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде кәсіподақтардың ықпалын арттыру үшін ақпараттық-насихаттық жұмыстың рөлі мен маңыздылығын ашады.
«Семинарға қатысушыларға ұсынылатын нұсқаулық кәсіподақтардың қызметіндегі коммуникациялық компонентті ынталандыруға бағытталған. Мұнда еңбекшілер ұйымдары тарапынан олардың ықпалын бекіту және қорғау құралы ретінде ақпараттық-насихат жұмыстарының озық тәжірибелерімен алмасу жүзеге асырылады», – дейді Тахмина Құбашева.
ХЕҰ Нұсқаулық кәсіподақ қозғалысына келесі мақсаттарда тиімді ақпараттық-насихат жұмыстарын дамытуға көмектеседі деп үміттенеді: жаңа мүшелерді, әсіресе жастарды, әйелдерді, еңбек мигранттарын, бейресми экономикадағы қызметкерлерді тарту мақсатында олардың имиджі мен беделін нығайту, сондай-ақ цифрлық экономика; барлық тиісті деңгейлердегі шешім қабылдаушылардың саясаты мен әрекеттеріне олардың ықпалын арттыру.