Құрметті әріптестер!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1 мамыр күні – біздің көпұлтты еліміз үшін бейбітшіліктің, достық пен келісімнің айғағы, күнделікті еңбегімен мемлекетіміздің және өз отбасыларының ертеңін, гүлденуі мен әл-ауқатын жасап жүрген әрбір Еңбек адамы үшін құнды мереке болып табылады.
Қазақстан халқының бірлігі күні – көктемгі жаңару мен жарқын үміттің, бейбітшілік пен жасампаздықтың, ізгілік пен әділеттің символы. Бұл мерекені барша қазақстандықтар бірдей жақсы көреді.
Бірлік болған кезде ғана біздің ортақ отанымыз – Қазақстан бақ-берекеге кенеледі. Біздің халқымыз әділетті, озық, гүлденген мемлекет құру жолында әрқашан бірлік пен күш-жігерді танытып келеді.
Бақыт бірлікте екенін есте тұтып, барымызды бағалай білейік.
Қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, өзара қолдау мен жасампаз еңбектің арқасында біз барлық қиындықтарды жеңіп, алға қойған мақсаттарымызға жетеміз.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!
Әр үйде, әр шаңырақта келісім мен өзара түсіністік атмосферасы орнасын!
Ортақ Отанымыз – Қазақстанның аспанын бұлт шалмасын, күн сүйген көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С. ДӘУЛЕТАЛИН