Поздравление Председателя Федерации профсоюзов с Днем защитника Отечества

Құрметті ер-азаматтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Отан қорғаушылар күні – ерлікті, ұлттық намыс пен рух-жігерді, қайсарлық пен батылдықты, отансүйгіштік пен өз еліне деген ыстық сезімді дәріптейтін баршамыз үшін маңызды мереке.
Еліміздің Қарулы Күштері – мемлекетіміздің күш-қуатының кемелді көрінісі. Бүгінде жас сарбаздар батыр бабаларымыздың Отанымызға адал қызмет ету дәстүрін жалғастырып, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын нық қорғауда.
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі! Біз туған жерімізді ерлікпен қорғаған және қорғайтын азаматтарымызға, әскери борышын өтеушілерге әрқашан құрметпен қараймыз.
Әрқайсымыздың бойымыздағы Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік, батырлық рухымыз құнды да маңызды.
Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін.
Халқымыз тыныш, еліміз аман болсын!

Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин