Аса құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!
Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні – Ұлы Отан соғысы жылдарында туған жерінің бостандығы мен тәуелсіздігін жанқиярлықпен қорғаған халқымыздың өлмес ерлігінің естелігі.
Жеңіс күні – баршамыз үшін тәуелсіздіктің қадірін асқақтатқан айрықша мереке. Ата-бабаларымыздың даңқты ерлігі мен Отанға деген шынайы сүйіспеншілігі қазіргі жас ұрпақтың санасынан берік орын алған!
Біз еліміз бен жерімізді қайтпас қайсарлықпен, зор ерік-жігермен қорғап қалған батыр бабаларымызды ешқашан ұмытпаймыз, мәңгі жадымызда сақтаймыз.
Арамызда жүрген Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл ардагерлеріне мың тағзым!
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін!
Жеңістің туы желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин