Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді төл мерекелеріңіз 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет саласы адам өмірінде ерекше орын алады. Өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Әр ұлт өзінің мәдениетімен, руханиятымен, салт-дәстүрімен айрықшаланады. Әр елдің рухани күші мәдениетімен өлшенеді. Сондықтан болар, ұлттық руханияттың шамшырағы саналатын мәдениет майталмандары еліміздің өнер саласын дамытуда қоғамда ерекше орын алады.
Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің арқасында миллиондаған адамдар кескіндеме, мүсін және кинематографияның бірегей туындыларын тамашалауға, жақсы әуен тыңдауға, драмалық және би өнерін тамашалауға мүмкіндік алды.
Осы орайда, ұлттық өнердің қанат жайып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуында – баршаңыздың үлестеріңіз зор, еңбектеріңіз ерен.
Бүгінгі мерейлі мерекеде Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және еліміздің игілігіне бағытталған қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!
Мерейлі мереке құтты болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар
федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин