Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников химической промышленности

Құрметті Химия өнеркәсібі қызметкерлері!

Cіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Химия өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанда жыл сайын мамыр айының соңғы жексенбісінде кәсіби мереке – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Заманауи химия өнеркәсібі – ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі. Бүгінгі таңда химия өнеркәсібі ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Халық шаруашылығының бірде-бір саласы іс жүзінде химия кешені кәсіпорындары өндіретін өнімдерсіз жұмыс жасай алмайды.

Индустрияландыру жылдарында химия өнеркәсібі барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң өсу үрдісін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда сала өндіріс көлемінің ұлғаюын және экспорттық әлеуеттің артқанын көрсетіп, серпінді дамып келеді.

Бұл тұста Сіздердің экономиканың нақты секторын дамытудағы рөлдеріңіз жоғары. Сіздердің қайрат-жігерлеріңіз бен елеулі еңбектеріңіздің арқасында елімізде жаңа химиялық элементтер ашылып, инновациялық препараттар мен заттар, жасанды талшықтар мен маталар, автомобиль майлары шығарылуда.

Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, толағай табыс тілеймін!

Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин