Қадірлі достар!
Сіздерді күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Байырғы заманнан бері Құрбан айт мейрамы мәңгілік адами құндылықтар: бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмекті насихаттайтын мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі болып табылады.
Бұл мереке қоғамның рухани-адамгершілік негіздерін нығайтуға көмектеседі, мейірімділік пен қамқорлықты, татулық пен мейірімділікті бейнелейді, жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтауға шақырады.
Жарқын Құрбан айт мерекесі мейірімділіктің, жомарттықтың, жанашырлық пен өзгелерге қамқорлықтың салтанат құруын білдіреді. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, мұқтаж жандарға көрсетілген көмек жүректерді мейірім мен алғысқа толтырып, биік сезімдерді оятады.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі әрбір үйге, әр шаңыраққа тыныштық, қуаныш пен береке әкелсін. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, барлық игі істерде сәттілік тілеймін!
Құрбан айт қабыл болсын!
Құрметпен,
Төраға Сатыбалды Дәулеталин