Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері! Ардақты сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет — ұлттың жаны, ал өнер — оның рухани қазынасы. Сіздер бабалардан қалған асыл мұраны сақтап, халыққа рухани азық сыйлап жүрген ерекше жандарсыздар. Сахнада болсын, кітапхана мен мұражайда болсын, атқарып жүрген әрбір істеріңіз қоғамның мәдениетін көтеріп, елдің еңсесін тіктейді.
Осы салада талай жыл қажырлы еңбек еткен ардагерлерімізге алғысымыз шексіз. Сіздердің салған сара жолдарыңыз бүгінгі буын үшін өнеге.
Кәсіподақтар федерациясы мәдениет саласы еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуды, еңбек құқықтарын қорғауды және өнер адамының абыройын асқақтатуды әрдайым басты назарда ұстайды.
Біз әрбір шығармашылық иесінің адал еңбегі лайықты бағалануына күш саламыз.
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен шабытты еңбектеріңіз халқымызға рухани азық сыйлап, еліміздің мәдени әлеуетін нығайта түсуде.
Шығармашылық табыстарыңыз мол, абыройларыңыз асқақ болсын.
Осынау айтулы мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, көңілдеріңізге шабыт тілеймін!
Рухани қазынамызды байыту жолындағы еңбектеріңіз елене берсін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин