Өз еңбек құқықтарыңызды біліңіз

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес:

1. Әркімнің еңбек бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін
таңдауға құқығы бар. Еріксіз еңбекке сот үкімі бойынша не төтенше
жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету
жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді
қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы
мойындалады.
4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс
істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс
және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабының 1-тармағына
сәйкес жұмыскердің:

1) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын
жасасуға, өзгертуге,толықтыруға, тоқтатуға;
2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің,
жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап етуге;
3) қауіпсіздік және еңбекті қорғауға;
4) еңбек жағдайлары және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық
және анық ақпарат алуға;
5) еңбек,ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және
толық көлемде жалақы төленуіне;
6 )бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;
7) тынығуға,оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысына;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
кәсіптікодақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда,өзінің
еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау үшін бірігуге;
9) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт
жобасын әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
10) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты
денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
11) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым
оқиғалардан сақтандырылуға;
13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін
барлық тәсілдермен қорғауға;
15) қандай да бір кемсітусіз, бірдей еңбек үшін бірдей ақыға,сондай-ақ
бірдей өндірістік- тұрмыстық жағдайларға;
16) жеке еңбек дауын қарау үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен
реттілігімен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;
17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес
жабдықталған жұмыс орнына;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек,
ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық
қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
19)өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал
туындаған кезде ,бұл туралы тікелей басшысының немесе жұмыс берушінің
өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
20) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) еңбек
инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу
туралы өтініш білдіруге , сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және
еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға
өкілдік етіп қатысуға;
21) жұмыс берушінің еңбек және олармен олармен тікелей байланысты
қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
22) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны
мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
23) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық
еңбек дауларын шешуге;
24) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын
қамтамасыз етуге;
25) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен еңбек шарты
және өзінің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.