Салалық кеңестің отырысы өтті

Астана қаласында  7 – 8 желтоқсан аралығында ҚБ «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіподағы» кеңесінің отырысы өтті.

Салалық отырыс кеңесінің жұмысында Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы – Есенғазы Құсейн Шәмшіұлы, Салалық отырыстың мүшелері, тексеру комиссиясының төрағасы қатысты, сондай-ақ аумақтық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен БАҚ өкілдері шақырылды.

Кеңес барысында: Салалық кәсіподақтың (филиалдар, мүшелік ұйымдардың және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің) 11 ай бойынша жұмыс қорытындысын шығару, кәсіподақ кадрларының жұмыс жағдайы бойынша, «Елеулі еңбегі үшін» Салалық кәсіподақтың кеуделі белгісі бойынша Ережені бекітті. Сондай-ақ, алдағы есеп беру-сайлау кампаниясының ақпараты, іс қағаздарды жүргізу жағдайы, салалық келісім туралы ақпарат тыңдалды.

Кеңес, кәсіподақта кадрлар жұмысы қазіргі заман талаптарына толық сәйкес келмейтінін атап өтті. Атқару комитетіне, резервті қалыптастыру механизмін әзірлеу, резерв кадрларын калыптастыруында жоғары тұрған кәсіподақ органдарының қатысу тәрбін анықтау тапсырмасы берілді.  Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелеріне және мүшелік ұйымдарға, кәсіподақ ұйымын оқыту, кәсіподақ активі мен кадрларының біліктілігін арттыру ұсынылды.

Қазіргі заман шартында салалық кәсіподақтың дамуына Кәсіподақтың салмақты үлесін ескере отыра, салалық кеуде белгісін әзірлеу бойынша қажеттілігі жетілді. Осыған байланысты, салалық кәсіподақтың жұмысшыларын моральды ынталандыру мен көтермелеу мақсатында, Кәсіподақ мүшелері мен Салалық Кеңес «Елеулі еңбегі үшін» Салалық белгісі көтермелеу түрінде және Салалық белгі бойынша Ережені қаулы етті.

 

ҚРКФ баспасөз қызметі