АҚШ делегациясы ҚРКФ басшылығымен кездесуі өтті

Бүгін Астанада ҚРКФ басшылығының АҚШ делегациясымен кездесуі өтті.

Делегация құрамында: АҚШ Сауда өкілі Еңбек қатынастары бөлімінің директоры Майкл О’Донован, Астанадағы АҚШ елшілігінің экономика бөлімінің басшысы Шелби Легг, Халықаралық еңбек қатынастар бюросы жанындағы Демократия, АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам құқықтары мен еңбегі жөніндегі министрі Энн Стотлер, Еңбек министрлігінің Халықаралық еңбек қатынастары жөніндегі бюросының сауда және еңбек қатынастары жөніндегі кеңсесінде халықаралық қатынастар бойынша кеңесші Эмма Лори, Астанадағы АҚШ елшілігінің аға экономист маманы Карима Ахметова.

Кездесу ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетов пен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен өтті.

Әңгіме барысында Біржан Нұрымбетов шетелдік әріптестердің еңбек заңнамасы туралы сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қызметі туралы әңгімеледі.

Кездесу соңында екі жақ жемісті ынтымақтастыққа деген өзара үміт білдірді. Осыған байланысты Майкл О’Донован Федерация өкілдерін Халықаралық сапарларды басқару бағдарламасына (IVLP) қатысуға шақырды.

ҚРКФ баспасөз қызметі