Салалық кәсіподақта кадрлық ауыс-түйістер болды

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы кәсіподақ қозғалысының кадрлық әлеуетін және адам капиталының тиімділігін арттыруға қатысты жаңа міндеттерді белгіледі.

Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясында Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының алқалы жиналысы өтті. Осы жиналыста салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің құрамын өзгерту мәселелері қарастырылды.

Салалық кәсіподақ төрағасы Ахметова Рая Жорабайқызының құрметті еңбек демалысына шығуына байланысты Төраға өкілеттігін доғару туралы өтініші қаралды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым Рая Ахметоваға кәсіподаққа сіңірген ерен еңбегі мен көпжылдық қызметі үшін алғыс айтып, «Еңбек ардагері» төсбелгісін тақты.

Алқалы жиналыста Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының жаңа төрағасы ретінде Жақыпов Мирболат Хабиұлы тағайындалды.

М.Жақыпов әртүрлі жылдары мемлекеттік қызмет теориясы мен тәжірибесі мәселелерімен кеңінен жұмыс атқарған, менеджмент және мемлекеттік басқару мәселелерін жақсы түсінеді, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауда оңынан көрінеді.

 

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі

8 (7172) 21 61 72

№6 -2018 ж.