Кәсіподақтардың рөлі туралы жалпыұлттық талқылау басталды

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы еліміздің барлық азаматтарымен ашықтық, ортақтастық, ынтымақтастық қағидаларын ұстанатын ұйым болып табылады.

Дүниежүзілік әлеуметтік-экономикалық үрдістерде орын алып жатқан жаһандық және түбегейлі өзгерістер еңбеккерлердің өміріне зор ықпал ететіндігі сөзсіз. Осы орайда кәсіподақтар қозғалысына жаңа талаптар мен міндеттер қойылып, аса жауапкершілік жүктелуде.

Әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне – ауқымды технологиялық өзгерістер кезеңіне аяқ басты.

Бұл – қайтымсыз үрдіс. Күн сайын әлем бейнесі мен жаһандық азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы туралы түсінігіміз өзгеріп жатыр.

Яғни, осындай күрделі жағдайда еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының рөлі мен орны туралы ойлағанымыз жөн. Бұл мақсатта «Заманауи кезеңдегі кәсіподақтардың рөлі мен орны туралы» ұлттық талқылауды ұсынып отырмыз. Біз барлық байланыс түрлерін, әсіресе, әлеуметтік желілерге басымдық беруге дайынбыз.

Бізге кәсіподақтардың жай-күйі, құндылықтары, еңбеккерлер тарапынан кәсіподаққа деген сенім туралы ашық және айқын әңгіме қажет.

Кәсіподақтар федерациясы еліміздің барлық азаматтарымен диалогқа дайын. Осы мақсатта барлық БАҚ өкілдері мен сараптамалық қауымдастықты ашық әңгімеге шақырамыз!

Көптеген сарапшылар «Төртінші өнеркәсіптік революция» қағидалары туралы пікір таластырады.

«Төртінші өнеркәсіптік революция» деген не?

Біз оған дайынбыз ба?

«Интернет», «виртуалды» валюталар, өндірістік үрдісті жалпылама роботтандыру секілді жүзеге асырылған деректерді айтпағанда, бұл – қоғамның әлеуметтік көрінісінің өзгеруі болып табылады.

Бұл үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Қытайда, Еуропада және Америкада адамдарсыз жұмыс істейтін зауыттар бар. Бұл зауыттар «қара фабрикалар» деп аталады, себебі, роботтар жарықтандыруды талап етпейді және тәулік бойы жұмыс жасауға қабілетті.

«Даймлер» компаниясы жүргізушіні қажет етпейтін жүк көліктерін шығаруға дайын. Қателеспесем, «жасанды интеллект» виртуалды түрде «Сбербанк» менеджментінің 50% жұмыстан босатты.

Яғни, адам өзінің ең басты құқығын – еңбек ету құқығын жоғалтуда!

Жер тұрғындарының саны жыл сайын көбейіп, ал өмір сүру ұзақтығының артып жатқандығын ескерсек, келешекте адамзат қандай жұмыс атқарады деген жаһандық сауал туындайды.

Бұл сауал әлем бойынша күн тәртібінде бірінші тұрған мәселе болып табылады.

Францияда және Марселде АҚШ, ЕО, Жапония, Қытай, РФ секілді ірі мемлекеттер термоядролық синтез арқылы энергияны өндіретін ірі бекетті салып жатыр. Оның құрылысы 2025 жылға аяқталады. Бұл энергияның экологиялық таза, абсолют қауіпсіз, жаңғыртылатын түрі болмақ.

Яғни, мұнайға, көмірге және газға деген сұраныс болмайды немесе оның деңгейі минимал болады.

Кәсіптердің құрылымы өзгеруде. Халықаралық еңбек ұйымының болжамы бойынша, қазір сұранысқа ие кәсіптердің көбісі өз өзектілігін жоғалтады. Заңгерлер, есепшілер, өндірістік сала қызметкерлері секілді кәсіптерді ерекше атап өтуге болады.

Ал біздің елімізде қандай кәсіптер сұранысқа ие?

Иә, солар.

Бұл жаңа трендтер еліміздегі кәсіподақтардың рөлі мен орнына жаңаша қарауды талап етеді.

Ең бастысы, біз кәсіподақтар қызметінің ашықтығы мен анықтығы қағидалары туралы ойлауымыз қажет.

Кәсіподақтар әлеуметтік-еңбек қатынастарының мынандай нақты қырларына ерекше назар аударады:

— жұмыс орындарында бекітілетін ұжымдық шарттардың сапасын, рөлін және мәнін арттыру;

— ірі және орта кәсіпорындарда өндірістік кеңестердің дамуына қол жеткізу;

— мемлекеттегі әлеуметтік-еңбек қатынастары үрдісіндегі кәсіподақ қозғалысының мәртебесін арттыру.

Мынандай нақты сұрақтарға жауап алғымыз келеді:

— еліміздің әлеуметтік саласында бүгінгі кәсіподақтардың рөлі қандай болады;

— елімізде кәсіподақтар институтына сенім бар ма;

— барлық деңгейдегі кәсіподақтардың ашықтығы мен анықтығы қандай дәрежеде;

— еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының тиімділігін арттыру үшін қандай реформалар жүргізген жөн.

Біз бүгін алдымызда тұрған мәселелер мен кемшіліктер туралы ашық айтуымыз тиіс.

Дегенмен, адами капитал индексін дамыту жағдайы мен жастарға арналған әлеуметтік саты мәселелері, нақты адамдардың тағдыры кәсіподақтардың назарынан тыс қалмақ емес.

Өз құзыретіміз мен мүмкіндігімізге сай мемлекеттік органдар алдында әлеуметтік-еңбек қатынастары мен адами капитал индексін дамыту мәселелерін қоямыз.

Біз Сіздермен бірге көптеген мәселелердің бетін ашып, шешімін табуды мақсат тұттық. Нәтижелі диалог пен ашық талқылау болады деген үміттеміз.

 

Ерлан Сайыров,

ҚРКФ Төрағасының орынбасары