Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы мен Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы «Кәсіподақ көшбасшылығы мектебін» ашады

Астана қаласы, 2018 жылғы 12 ақпан. Бүгін Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы арасындағы ықпалдастық және әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ мен Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының Бас директоры Ербол ИСМАИЛОВ ықпалдастық және әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аясындағы әріптестік Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының жанындағы «Кәсіподақтық менеджмент мектебінде» кәсіподақ қызметкерлері үшін оқыту ұйымдастыруды көздейді.

«Біз еліміздегі кәсіподақ ұйымдарын жан-жақты дамытуға бел будық. Бірінші кезекте бұл үшін кәсіподақ қызметкерлерін оқыту қажет. Осы орайда, басты бағыттардың бірі – «Самұрық-Қазына» АҚ ықпалдастықты орнату. Холдингтің талдамалық орталығы болып табылатын Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығымен бірлесе отырып, тығыз әрі табысты әріптестікті орнатамыз деген ойдамын» – деп Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым кездесуді қорытындылады.

Сонымен қатар, құжаттың шеңберінде өндіріс ұжымдарындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсартудың оңтайлы жолдарын дайындау мақсатында кәсіпорындардағы ахуалға мониторинг және талдау жүргізу ұйымдастырылады.

«Біз «Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің» ашылуын жүзеге асырудамыз. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарын қоса алғанда, кәсіподақ қызметкерлерін оқытатын боламыз. Оқыту бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, кәсіподақтық менеджментті, қаржы және құқықтық сауаттылықті, медиация мен қызметкерлерді басқарудың заманауи тәсілдерін, ішкі және сыртқы коммуникациялардың әдістерін. Бұл кәсіподақ ұйымдары қызметінің тиімділігін және жұмысшылардың оларға деген сенімін арттырады» – деп атап өтті Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының Бас директоры Ербол Исмаилов.

Оның айтуынша, алғашқы сынақ топтарын оқыту 2018 жылдың наурыз айында Маңғыстау және Атырау облыстарында басталады. Бұған қоса, тараптар кездесу барысында алға қойылған мақсатты жүзеге асыру мен әріптестікті одан әрі нығайтудың жолдарын талқылады.