Теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Орталық кеңесінің отырысы өтті

23 ақпанда «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің  салалық кәсіподағы» ҚБ Орталық кеңесінің отырысы болды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым, салалық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев, «ҚТЖ» «ҰК» АҚ вице-президенті Эрик Имашев қатысты.

Жиында салалық кәсіподақтың Орталық кеңесінің 2017 жылға арналған жоспарының орындалуы туралы есеп тыңдалды. Кеңес мүшелері Орталық кеңестің ағымдағы жылғы жоспарын қабылдады.

Салалық кәсіподақтың Орталық кеңесінің 2018 жылға арналған түсімдер және шығындар сметасы және 2017 жылғы бюджеттің орындалуы талқыланды. Кеңес мүшелерінің шешімімен салалық кәсіподақта 2018 жыл «Ұжымдық шарт – тұрақтылық кепілі!» жылы ретінде жарияланды.

Кеңес отырысында Федерация Төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев Теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Орталық кеңесінің мүшесі ретінде тағайындалды.

Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым және теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Оразғали Ахметбаев табысты және жан-жақты әріптестікке дайын екендерін жеткізді.