ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мүшесі Мирболат Жақыпов Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен болды

2018 жылдың 26 наурызында Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мүшесі, мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат  Жақыпов келді.

Сапардың мақсаты –  сала кәсіподақтарының өңірлік деңгейде жүргізіп жатқан  жұмысымен танысу, мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Ақтөбе облыстық салалық кәсіподағының кезекті V пленумін өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 2018-2019 жылдары  кәсіподақтарды жаңғырту жол картасының негізгі бағыттарын талқылау.

Сапар барысында М.Жақыпов  облыстың кәсіподақ активімен кездесу өткізіп, оның жұмысына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиев, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша кәсіподақтар орталығының төрағасы  А.Әмірғалиев қатысты.

Кездесу аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша кәсіподақтар орталығы мен мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Ақтөбе облыстық салалық кәсіподағының арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы  келісімге қол қоюмен аяқталды.

Келісімде кәсіподақ кадрлары оқыту бойынша, еңбек дауларын және жанжалдарды реттеу,  кәсіподақ ұйымдарына келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарттар мен келісімдерді қол қою бойынша көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл мәселелері қарастырылған.

Келісімде айқындалған сұрақтар бойынша косымша бірқатар нақтыланған келісім шарттарға қол қою да қарастырылған. Аталған Келісім Ақтөбе облысы бойынша салалық кәсіподақтар филиалдарымен аймақта бірінші қол қойылған құжат болып табылады.