Ақтөбе облысының кәсіподақтар активі мен Парламент Мәжілісінің депутаттары кездесу өткізді

29 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Мейрам Пішембаев және Евгений  Козлов жұмыс сапары барысында Ақтөбе облысының кәсіподақтар активімен кездесу өткізді.

Депутаттар Елбасының бес әлеуметтік бастамасы туралы нақты түсіндермелерін берді.

Депутаттарға бірқатар ұсыныстар айтылып, оның ішінде барлық кәсіпорындарда, олардың меншігіне қарамай ұжымдық келісімге міндетті актінің мәртебесін беру жөнінде, өндірістік кеңестің барлық  кәсіпорындарда болуы, тұрғын-үй құрылысының және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының сапасы туралы,  қазақстандықтар табысын  міндетті түрдегі декларациялау жөнінде, өз-өзін қамтитын халық және де басқа маңызды мәселелер туралы айтылды.

Депутаттар тарапынан барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді, ал енгізілген ұсыныстар қабылданып, одан әрі пысықтауға алынатыны мәлімделді.