Халықаралық ынтымақтастық нығайтуда!

Ақтөбе қаласында Ресей Федерациясының Орынбор облысының күндер аясында, 19 мамыр күні облыстың кәсіподақтар активы Орынбор облысының кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Чирков Ярослав Анатольевичем және Ресей мәдениет қызметкерлері кәсіподағының Орынбор облыстық қоғамдық ұйымының төрайымы Симонова Людмила Олеговнамен кездесу өткізді.

Кездесу мейірімділік және жағымды жағдайда өтті, оның барысында облыстық Кәсіподақтар орталығы қонақтарды біздің елімізде кәсіподақтарды жаңғырту жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Еңбек Кодексіне енгізілетін өзгерістер туралы, сондай-ақ өңірде құрылған еңбек даулары мен жанжалдарын ескерту жүйесі туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Чирков Я.А. мырза Орынбор облысындағы кәсіподақ қозғалысының ағымдағы жағдайды туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті, оның ішінде еңбек ұжымдарында туындайтын дауларды және жанжалдарды шешу шараларының жүйесі туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша аймақаралық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту, қолда бар көпжылдық тәжірибемен алмасу және оны енгізу, бірлескен жобаларды іске асыру бойынша шешім қабылданды, ал оның практикалық іске асыру бастамашы болып мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы мен Ресей мәдениет қызметкерлері кәсіподағының Орынбор облыстық қоғамдық ұйымының арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою болды.