Туринде Халықаралық еңбек ұйымының оқу курсы өтуде

2018 жылғы 21-25 мамыр аралығында Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған Өңірлік бюросы «Еңбек саласының келешегі» тақырыбында оқу курсын өткізеді. Оқу Турин қаласындағы (Италия) ХЕҰ Халықаралық оқу орталығының базасында болады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан курс бағдарламасына ҚРКФ Төрағасының кеңесшісі Гүлнар Жұмагелдіқызы қатысуда.

«Еңбек саласының келешегі» курсының негізгі мақсаттары кәсіподақтардың еңбек саласының келешегі мәселелері бойынша әлеуметтік диалогты ұлттық деңгейде нығайтуға жәрдемдесетін стратегиялық бағыттары мен әдістерін анықтауда әл-ауқатын күшейту, Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі еңбек саласында болып жатқан өзгерістер факторы мен қозғалмалы күш түсінігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Оқу курсы ресми еңбек қатынастарында тұрмайтын жұмысшыларды ұжымдық шарттармен қамтуды қамтамасыз ету және кәсіподақтар мүшелілігін арттыруға негізделген құрылымдардың тиімділігін бағалауға қатысты кәсіподақтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, интернет базасында қызмет көрсету секілді жұмыспен қамтудың жаңа түрлері,  стандартты емес жұмыспен қамтудың анықталған түрлері, сондай-ақ, бейресми экономика.