Атырау облысының салалық кәсіподақтарының Қазақстан Кәсіподақтары күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Сіздерді алдағы келе жатырған 10-шы маусым  “Кәсіподақтар күні” кәсіби мерекелерңізбен,  «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі  Атырау облыстық филиалының атынан шын жүректен құттықтаймын!

«Кәсіподақтардың негізгі міндеті – еңбеккер мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу, барлық тараптармен тығыз ынтымақтастықта болу. Бұл ретте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа түрлерін дамыту маңызды» -деп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай,  кәсіподақтардың басты мұраты, негізгі мақсат-мүддесі бұл – еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде өз функциясын орындау болып табылады. Азаматтық қоғамның тірегі болғандықтан, мемлекеттік саясатты одан әрі дамыту барысында, Елбасымыздың ұстанған сарабдал саясатымен өз тарапымыздан алға қойған мақсаттарымызды жүзеге асыру үрдісін жалғастыруға міндеттіміз.

Бұл күннің жыл сайын қарапайым адам үшін нағыз мереке ретінде қалыптасуына ат салысуға, еңбек әлеуетіне ерекше құрмет көрсетіп, тәлімгерлік дәстүрін жоғары дәрежеде бағалауға күш салатын боламыз.   

Кәсіподақ ұйымдарының негізгі мақсаты – жұмысшылардың әлеуметтік мүделерін қорғау болғандықтан, Елбасы халықты қол қусырып отырмай, іспен айналысуға үндеу үшін алдымен аталмыш қоғамдық бірлестіктерді жаңғыртуды тапсырды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған  «Әлеуметтік- экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты»   деп аталатын жолдауында Қазақстан үкіметіне әлеуметтік жаңғырту және Қазақстанда жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын жүзеге асыру бойынша, «Еңбек адамына – 20 қадам»  бағдарламасы аясында, табысты қызмет етуге оңтайлы жағдайлар жасалғанда ғана еңбек өнімділігі арта түсетіні баршамызға мәлім.  Кәсіподақ қызметінің жандануына , жаңғыруына адал қызмет етіп жүрген  барша жанашыр  әріптестерімізді, кәсіподақ мүшелерін  төл мерекесімен құттықтай отырып,  елімізде тыныштық болып,  қызметтеріңізге   толағай табыстар тілей отырып, еңбектеріңіз жана берсін демекпін!

Игі тілекпен «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі  Атырау облыстық филиалының төрағасы  Абилов Шыңғыс Ғазизұлы

 

Құрметті ауылшаруашылығы саласының еңбеккерлері!

Сіздерді кәсіподақ ұйымдарының «Кәсіподақтар Күні» төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алдағы уақытта алар асуларыңыз биіктей түсіп, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Облыстық ауылшаруашылығы

кәсіподағының төрайымы:                                         Есимова Жумазия

 

Құрметті әріптестер, достар!

Сіздерді Қазақстан кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Еңбек адамының құқықтарын қорғау, еңбек ұжымдарымен әлеуметтік әріптестікті қалыптастыру бағытында атқарып жатырған күнбек-күнгі тынымсыз еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Біздің мемлекетіміз Конституциямыздың 1-бабында өзін әлеуметтік мемлекет деп  жарияланған. Мемлекетіміздің басты стратегиялық басым бағыттарының бірі елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру.

«Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек» деген Елбасымыздың сөзі баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырды, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырды.

Тәуелсіз Республикамыз әлеуметтік–экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрған осы шешуші сәттерде еңбек адамының мүддесін лайықты түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін кәсіподақтар да өз қызметін жаңарту мен жаңғыртуды мақсат етіп отыр.

Жаңғырған жаңа заманға лайықты – әрбір еңбекшінің еңбек құқықтарын тиісті дәрежеде қорғайтын, жұмысшының еңбек қауіпсіздігін басты мақсат ететін, әлеуметтік әділеттілік принциптерін басшылыққа алатын жаңарған кәсіподақ құрудағы еңбегіміз жемісті болсын!

Қарапайым еңбек адамы әрқашан мемлекеттің қорғауында болып, лайықты құрметке бөлене берсін!

«Қазақстандық мұнай-газ кешенінің

салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің

Атырау облыстық филиалының төрайымы                                   С.Рахимова

 

Құрметті әріптестер!

Баршаңызды Қазақстан кәсіподақтары күнімен құттықтаймын!

Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында кәсіподақтар ұйымының жұмысын барынша нығайтып, жұмыс берушілермен әлеуметтік диалогты, кәсіби байланысты жетілдіру, еңбек адамдарының құқықтарын лайықты деңгейде қорғау бағытында атқарып жатырған жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Елбасымыз өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгіп еңбек етуге шақырды.

Еңбек жемісті болуы үшін, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің  арасында келісімді қарым-қатынас орнап, олардың мүдделері тоғысуы маңызды.

Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі жаһандық өзгерістер еңбекшілердің, барша қазақстандықтардың өміріне зор ықпалын тигізіп, кәсіподақтарға жаңа талаптар мен жаңа міндеттер қойып отыр.

«Қазақстан кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік – еңбек қатынастарының базалық элементі»,- деп Елбасы айтқандай, Кәсіподақ – қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен құқықтары толық сақталып, жұмыс беруші мен еңбекшілер арасында тиімді еңбек қатынастарының орнауына ұйтқы болатын негізгі күш.

Кәсіподақ қызметінің қоғаммен үйлесімді дамуына қосқан үлестеріңіз еселене түсіп, жаңарту мен жаңғырту жолындағы белсенді қадамдарыңыз жемісті болсын!

Құрметпен,

«Қазақстандық салалық білім және

ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының

Атырау облыстық ұйымы» ҚБ

төрағасының міндетін атқарушы                                                 Ж.Сарсенгалиева

 

Құрметті мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері!

Сіздерді 10 маусым – кәсіподақ қызметкерлерінің  кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл күн тек сала мамандары үшін ғана емес, әрбір еңбеккер үшін де өте маңызды. Кәсіподақтардың қоғамдық өмірдегі алар орны ерекше. Ұжымның ішкі микроклиматы сіздердің еңбектеріңізге тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда кәсіподақ қызметінің басымды бағыттарының бірі – Елбасының  бес әлеуметтік бастамалары туралы ақпарат назарға ала отырып, оны орындауға өз үлестерін қосу. Себебі қызметкерлердің жетістігі осы салалармен тығыз байланысты.

Осы атаулы күнге орай Сіздерге еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық, қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Игі тілекпен:

 «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Қоғамдық Бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрайымы Г.Шайхашева