ҚР Президентінің мұрағаты кәсіподақ комитетінің жаңадан сайланған мүшелерімен кездесу өтті

«Алматы қалалық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы» өз қызметін жандандыру, қарым-қатынасты күшейтіп, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметіне көңіл бөлу мақсатында кезекті іс-шарасын ұйымдастырды.

Алматы қалалық филиалының төрайымы Айнақұлова Данагүл үстіміздегі жылдың 28 маусымында ҚР Президентінің мұрағаты кәсіподақ комитетінің жаңадан сайланған  мүшелерімен кездесу өткізді.

Жиналыс барысында ҚР Президентінің мұрағаты кәсіподақ комитетінің төрайымы, Мұрағат қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының басшысы Гаухар Бекішева бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспары, алдағы мақсат-міндеттер жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелері комитеттің ұйымдастыру жұмысы, мәдени-бұқаралық және спорт мәселелері бойынша 7 жауапты қызметкерді, ал тексеру комиссиясына 3 адамды өткізілген ұжымның жиналысында сайланғанын көрсетті.

Өз кезегінде «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрайымы Айнақұлова Данагүл бастауыш кәсіподақ комитеттерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша ақпараттық әдістемелік қолдау көрсетіп, кәсіподақ жарғысы мен ережесін және де қажетті бүктемелерді таратты. Өз сөзінде әріптестік қарым-қатынасты күшейтіп, әлеуметтік серіктестік аясында барлық мүдделі тараптармен өзара ықпалдастықты жандандыру қажеттігін айтып өтті. Кездесу барысында ұжымның əлеуметтік жағдайымен танысып, қолданыстағы еңбек заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар, кəсіподақ қозғалысын дамыту жөніндегі мəселелер талқыланды.

Айтып өту керек, «Алматы қалалық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының» төрайымы Данагүл Айнақұлованың маңдай алды міндеттерінің бірі ол бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құрудағы барлық бастапқы жұмыстарды сүйемелдеп, алып жүру.