Құрметті әріптестер!
Қадірлі достар!

Сіздерді сүйікті елордамыз, бас қаламыз – Астананың 20 жылдығымен  шын жүректен құттықтаймын!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саяси көрегенділігі мен тың бастамасының арқасында қасиетті Арқа жерінде сәні мен сәулеті келіскен арман қаланың іргесі қаланып, бой көтерді.

Бүгінде Астана – бірлігі мен берекесі жарасқан, тәуелсіз еліміздің басты жетістіктерінің бірі де бірегейі, миллиондаған азаматтарымыз үшін шексіз мүмкіндіктердің кепілі болып табылады.

Осы күн – Астана тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін маңызды күн. 20 жылдың ішінде Елордамыз барша Орталық Азия аймағының экономикалық және мәдени орталығына айналды.

Сіздерді осындай елеулі мерекемен құттықтаймын! Шын жүректен зор  денсаулық пен бақыт-береке, бейбітшілік пен жетістіктер, Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа жеңістер тілеймін.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы
Бақытжан Әбдірайым