Білім грантын бөлу бойынша кеңес өтті

Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясының алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Астана қаласы бойынша Департаментінің қатысуымен елорданың ЖОО және колледждерінде білім грантын бөлу бойынша кеңес өтті.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Ерлан Саиров алғы сөзінде білім гранттарын бөлу процедураларында ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті, бұл еңбек нарығындағы білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлауға тікелей әсер етеді.

Өз кезегінде, Департамент басшысы Жазира Жылқышиева барлық қазақстандықтарды, соның ішінде шалғай елді мекендерде, үздік білімдерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруға үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

«Білім беру үшін бөлінген қаражаттың жыл сайынғы ұлғаюы олардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттырады. Бұл саладағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмаудың ең тиімді механизмдерінің бірі қоғамдық бақылауды күшейту болып табылады»,- деді Жылқышиева.

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асыру аясында білім саласында ашықтықты қамтамасыз ету сондай-ақ мемлекеттік бюджетті үнемдеу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп азаматтарға білім беру гранттарын бөлу үшін конкурстық комиссия жұмысына және еліміздің ЖОО мен колледждеріне түсу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысуға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Агенттіктің Арнайы мониторинг тобының мүшелерінің белсенді қатысуымен мемлекеттік грантты тағайындауға мониторингі басталды. АМТ түрлі салалардағы сарапшылардан тұрады: азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпкерлік, ғылыми және академиялық қоғамдастықтар, БАҚ, сондай-ақ блогерлер.

Қоғамдық бақылауды күшейту осы саладағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың ең тиімді механизмдерінің бірі болды.

Астана қ. колледждеріне мониторинг жүргізу барысында Агенттіктің Астана қ. бойынша Департаментінің арнайы мониторинг тобының мүшелері білім беру мекемелерінің дайындығы мен ұсынылатын гранттар бойынша үміткерлерді ақпараттандыру жеткілікті деңгейде екенін атап өтті.

Өз кезегінде Агенттіктің бастамасына елорданың колледж басшылығы қолдау білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018-2019 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру үшін Астана қаласының Әкімдігінен 12 мемлекеттік колледжге 2518 білім гранты бөлінген. Олардың ішінен:

* «Құрылыс-техникалық колледжі» – 162

* «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» – 125

* «Технологиялық колледжі» – 125

* «Техникалық колледжі» – 125

* «Энергетика және байланыс колледжі» – 150

* «Кәсіптік-техникалық колледжі» – 165

* «Көпсалалы-техникалық колледжі» – 165

* «Политехникалық колледжі» – 300

* «Гуманитарлық колледжі» – 425

* «Көлік және коммуникация колледжі» – 325

* «Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі» – 200

* «Жоғары медициналық колледжі» – 266

11 жеке колледждерге 925 грант бөлінді:

* «Басқару колледжі» ЖШС – 100

* «Қазтұтынуодағының сауда-экномикалық колледжі»- 50

* «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжі – 100

* «Қазақ технология және бизнес университеті» колледжі – 100

* «Менеджмент және бизнес колледжі» – 150

* «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжі» – 50

* «Еуразия гуманитарлық институтының колледжі» – 75

* «ҚазГЗУ Гуманитарлық заң колледжі» – 200

* «Индустриалды-экономикалық колледжі» – 25

* «Медициналық-техникалық колледжі» – 75