Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты достар!

Құрметті қазақстандықтар!

Қымбатты достар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Бүгінде Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі және әр азаматтың құқығы мен бостандығының тірегі.

Конституция – мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы. Осы орайда Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді.

Тәуелсіздік алғаннан бері ел бірлігі мен бейбітшілігі басты құндылықтарымыз болып табылады.

Сіздерге және жанұяларыңызға зор денсаулық пен бақ-береке, еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер тілеймін!

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым