Құрметті әріптестер! Қымбатты достар!

Құрметті әріптестер!

Қымбатты достар!

Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1-қыркүйек күні республика бойынша барлық білім ошақтарында алғашқы қоңырау үнімен кезекті оқу жылы бастау алады. «Жас болса, іске» демекші, мемлекеттің жарқын келешегі – жастардың қолында!

Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілік жоғары сұранысқа ие. Осы орайда еліміздегі білім беру саласының деңгейін арттыру жолында бірқатар ірі жобалар қолға алынуда. Өйткені, білімді елдің болашағы қашан да зор.

Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, сарқылмас бақыт, жастарға жаңа оқу жылында мол табыс пен сәттілік тілеймін!

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым