ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Қазақстанда еңбек құқықтарын қорғайтын ең ірі қоғамдық ұйым болып табылады.

Федерация қызметі Қазақстан еңбеккерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қолданыстағы заңнама аясында қорғауға бағытталған.

Қоғамдық ұйымдармен әріптестік құқық негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдармен, әлеуметтік әріптестермен өзара байланыс  кеңес беру арқылы, әлеуметтік әріптестік аясында еңбек құқықтарының сақталуына нақты мониторинг жүргізу, сондай-ақ, ҚР Кәсіподақтар федерациясы өзге де республикалық кәсіподақтар бірлестіктерімен бірлесіп ҚР Үкіметі, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және республикалық жұмысшылар бірлестіктері арасындағы Бас келісімге қол қою арқылы жүргізіледі.

Кәсіподақтардың қазіргі жұмысы мен әріптестігі еліміздегі кәсіподақ қозғалысының тұтастығы, тұрақтылығы және жасампаздығы аясында жүзеге асырылуда.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Еңбек конфедерациясына және «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығына Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының Үйлестіру кеңесін құру туралы ұсыныс жасады.

Кеңестің қызметі лайықты еңбекті қамтамасыз ету, жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, сондай-ақ, ҚР кәсіподақтар қозғалысының бағыттары мен даму бағдарын мүше ұйымдардың ой-пікіріне сай анықтауға бағытталған кеңес беруші орган мәртебесіне ие болады деп болжанады.

ҚРКФ еліміздің барлық кәсіподақтарын еңбеккерлерді қорғау және лайықты еңбекті қамтамасыз ету мақсатында бірігуге шақырады.