Жас кәсіподақ көшбасшысы жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Спикерлер арасында павлодарлық жас кәсіподақ көшбасшысы, «Қазхром» ТҰК «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ ыстық бөлімінің шебері Александр Шутов болды.

Александр өз қызметін 20 жасынан бастап зауытта ферроқорытпа балқытушысы ретінде бастады. Жұмыс істей жүріп, ол кәсіпорынның қоғамдық, ғылыми және инновациялық қызметіне қатысады.

Өзінің сөзінде кәсіподақ белсендісі жастардың бойында белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, еңбек және әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету, кәсіптік дағдыларды жетілдіру және кәсіпорындардағы қызметкерлердің өмір сүру сапасын жоғарылатуда кәсіподақтардың еліміздің жастарына қолдау көрсетудегі маңызды рөлін атап өтті.

«Мамандығын таңдау туралы шешім қабылдаудың алдында тұрған жас ұрпаққа айтарым: өндіріс – бұл өз-өзіңді танытуға және өз әлеуетін іске асыруға тамаша мүмкіндік. Өндірістік мансабыңызды бастағаныңызда көп нәрсеге қол жеткізуге болады, ал біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы – бәріміз үшін жарқын мысал», – деді сөзін түйіндеді Александр.