Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесі кең көлемде аталып өтті

«Мәдениет – елдің айнасы» атты салтанатты шараға сенімді өкілдер, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенттігіне үміткер Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлының Республикалық сайлауалды штабының тең-жетекшісі Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы қатысты.

Кеш қонақтары Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен танысты. Сенімді өкілдер мәдениет майталмандарын  кәсіби мерекесімен құттықтап,  ерен еңбектері үшін алғыстарын білдірді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төс белгісімен ақпарат саласының ардагерлері Дияров Нұрмұханбет Әбділдаұлы, Серік Хайроллаұлы, Айжанов Жақсылық Айжанұлы, Ускинов Нурылла Тәжіұлы марапатталды.

«Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Иманқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен Нұрғиса Тілендиев атындағы халықаралық дирижерлар конкурсының лауреаты, Республикалық «Жібек Жолы», “Жан серігім домбыра”  байқауларының авторы, Ғ.Жұбанова атындағы филармония директоры  Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлын  марапаттады.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және салалық кәсіподақтар құрмет грамотасымен Әлібекова Іңкәр, Тілембаева Нағима, Мусина Ляззат, Абдуллина Гүлбану Атағұллақызы, Бельтюкова Марина Львовна, Шынтаева Даметкен, Байдышева Гүлбаршын Байғалиқызы марапатталды.

Кеш Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің көңілді концерттік бағдарламасымен тәмамдалды.