Ақмола облысы Кәсіподақтар Орталығының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

24 шілдеде Ақмола облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Сұлтанахмедұлы Рахметов төрағалығымен Ақмола облысы Кәсіподақтар Орталығының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа өндірістік саладағы аймақтық өнеркәсіптік және ірі кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Үйлестіру кеңесінің отырысында келесі мәселелер қарастырылыды.

1. Ақмола облысы кәсіподағының 2019 жылдың бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы.
2. ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде және Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойылған 10 міндеттер талқыланды.
3. Ақмола облысы кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттану жағдайлары туралы.

Бүгінгі отырыстың негізі ретінде «Әлеуметтік – еңбек реформалары – уақыт талабы» атты мақала алынды. Әлеуметтік-еңбек реформалары еліміздің экономикалық және саяси жүйесінің жаңаруына түрткі болары сөзсіз. Олар қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Саяси жаңғырту негізінде маңызды бағыттар жатыр – бұл халықтың жалақысын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету. Кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов ҮК мүшелерінің назарын әлеуметтік-экономикалық өсудің қазіргі жағдайында бірінші орында еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті күшейту мәселесі тұрғанына аударды. Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында лайықты еңбекақы төлеу және қызметкерлерді толық қамтамасыз ету тақырыбы басты орында тұрды.

Кездесудің тағы бір маңызды аспектісі жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және нөлдік жарақат алу үшін жағдай жасау болып табылады. Осы бағыттағы бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бойынша дер кезінде шешім қабылдап, жұмыс жүргізу қажет.  Үйлестіру кеңесінің төрағасы еңбекшілердің біліктілігін арттыруға және өз бетімен білім алуына назар аударды, жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды. Үйлестіру кеңесінің отырысында «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Нұрсұлу Сатыбекқызы қатысушыларды ҚР Үкіметінің соңғы шешімдерімен таныстыра отырып, Кәсіптік одақтар қызметінің басым бағыттарын түсіндірді.