Ералы Тоғжанов ҚРКФ Төрағасы ретінде Facebook әлеуметтік желісіндегі оқырмандарымен байланысын жандандырды

Бүгін Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясының Төрағасы ретінде Facebook әлеуметтік желісіндегі оқырмандарымен байланысын жандандырды. Бұл туралы Ералы Тоғжановтың өзі Facebook желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы қысқа мерзімде еліміздің төрт аймағын аралап шыққанын жеткізді. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан және Қарағанды облыстарында болып, өңірлердегі жұмысшылар мен жұмыс берушілермен кездесті.

Ералы Тоғжанов атап өткендей, қазір өңірлердегі жұмысшылар көтерген өзекті мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы желі қолданушыларына: «Кәсіподақ негізінен Еңбек Адамының әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелер бойынша ортақ шешім қабылдауға арналған диалог алаңы. Сондықтан, мен сіздермен ұдайы байланыста болуға әзірмін. Бұрынғыдай жеке блогыма өз ұсыныстарыңызды білдіріп, сауалдарыңызды қоюуларыңызға және пікірлеріңізбен емін-еркін бөлісулеріңізге болады», – деді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы елдегі ірі қоғамдық бірлестік. Қазіргі таңда Федерацияның 2 миллион мүшесі бар. Жалпы  елімізде  түрлі салалар мен ірі компанияларда  6 миллионнан астам адам қызмет етеді.